$ 439.43  473.31  4.82

«Dimash Tour» жаңа туристік бағыты ашылады

Осы арқылы Қазақстанға әлем саяхатшыларын тарту көзделіп отыр. 

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Елімізде Димаш Құдайберген атындағы жаңа туристік бағыт ашылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы арқылы Қазақстанға әлем саяхатшыларын тарту көзделіп отыр.

Бұл туралы Бейжіңде өтіп жатқан Ақтөбе облысының туристік әлеуетін таныстыру іс-шарасы кезінде белгілі болды.

Бастама әсіресе қытайлықтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Димаш Құдайбергеннің өнері мен танымалдығы Қазақстанға миллиондаған турист тартуға бағытталады. Ақтөбеліктер өнерпаздың туған жеріне түрлі саяхаттар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Жаңа туристік бағыт «Dimash Tour» деп аталады. Саяхат барысында шетелдік қонақтарға Димаштың туған өлкесі, оқыған мектебі, отырған партасы, балалық шағы өткен жерді көрсету жоспарда.

Сонымен қатар әншінің өнерін шыңдаған алғашқы ұстаздарымен кездесулер өткізіледі. Ұйымдастырушылар бұл саяхатшыларды қызықтыратынына сенімді.

Қытай туристік индустриясының тәжірибелі мамандары осы бағытта бірлесіп жұмыс істеп, келешекте дамытуға ниет білдіріп отыр. Олар бұл бастаманың перспективасы жоғары деп санайды. Қытай елінде алдағы бірнеше күн бойы Ақтөбе облысының туристік әлеуеті таныстырылады.

Жобаның бастамасы ретінде Бейжіңде Димаш Құдайбергеннің вокал бойынша алғашқы ұстазы Марат Әйтімовпен кездесу өткізіліп, өнерпаздың шығармашылығы көрсетілді.

Бұдан бөлек, ұлттық тағамдар, ұлттық музыка мен мәдени көріністер қойлып жатыр. Қолөнершілер шеберлік сабақтарын өткізіп, бірегей кәдесый мен  бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынылды.

Сонымен қатар пантотерапия бойынша емдік шаралары таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары