Жас аралығының үлкен-кіші болғаны біреулер үшін дұрыс емес шығар, мен үшін жақсы.
Әнші, сазгер Асан Пердеш "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өзінен бірнеше жасқа кіші жұбайы туралы айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің үйленгеніне биыл бес жыл болыпты.
Жақсы, Аллаға шүкір, бәрі тамаша (жұбайы - еск.). Жас аралығының үлкен-кіші болғаны біреулер үшін дұрыс емес шығар, мен үшін жақсы. Өйткені жасы кіші болғаннан кейін ол кішкентаймын деп сыйлайды, сен үлкен болғаннан кейін үлкенмін ғой деп ақылға саласың. Айтпай-ақ қояйыншы (жұбайының жасын - еск.), - дейді әнші алғашында.
Бағдарлама жүргізушілері Асанға "Қара қызым" деген ән сіздің жұбайыңызбен бір мезгілде дүниеге келген сияқты, иә?, - деп сұрақ қояды.
"Қара қызым" 2008-де ме, 2007-де ме шыққан. Жоқ, 2008 жылғы қызға үйленбейтін шығармын, - дейді ол.
Жүргізушілер кейін тағы да әншіге "келіншегіңіз 2003 жылғы, демек бес ғана жыл (әнмен арасы - еск.), солай ма?" деген сауал қойып нақтылай түседі.
Ал жарайды. Аха (солай - еск.). Өзіңіз математикаға мықты екенсіз ғой, есептеп қойыпсыз ғой, - дейді өнер иесі.