«Кейде түнде келгенде, ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс жуамын».
Актер Нұрлан Қоянбаев әйелімен қарым-қатынасы туралы айтып, екі әйел алуға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram парақшасына жарияланған видеода әнші Аян Бірбаев Нұрлан Қоянбаевтан "Екінші әйелге қарайсыз? Екінші әйел алғанға қарсы емессіз бе? Үй тірлігіне көмектесесіз бе?", - деп сұраған. Ал Нұрлан Қоянбаев түнде жұмыстан келіп, ыдыс жуып қоятынын айтты.
Үй шаруасына көмектесемін. Кір жумаймын, үй тазаламаймын. Кейде түнде келгенде, ас үйдің есігін жауып қойып, ыдыс жуамын. Үйге жұмсалатын ақшаның бәрін әйелім жаратады. Ал екінші әйел алуды әр адам өзі біледі. Маған бір әйел жетеді, - деді Нұрлан Қоянбаев.
Ал желі қолданушылары Нұрлан Қоянбаевтың бұл жауабына "Нағыз ер азамат", "Төрт әйел аламын дейтіндер көрсін", "Керемет адам", "Ер адамның санасына берсін", "Жарайсыз" деп жарыса пікір қалдырып, риза болды.