Ол қазақтан басқа ешқандай ұлтқа қажеті жоқ.
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қоғамда жат ағымның жайылғанына алаңдаулы. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, діннің кең етек алып, салт-дәстүрден ажырап бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнерпаздың ойынша, дәстүрлі емес діндер қазақтың салт-дәстүріне әсер етіп жатыр.
Уахап-салафиттер келгелі дәстүріміз бен салтымызға жаңа сөздер қосылды. «Ассалаумағалейкүм» деп амандасатын қазақ «Ассаламуалейкум» деп арабша амандасатын болды. Хиджаб, ақиқа, махр, хадия сөздерін енгізді. Қазақы есімдері Әзіретәлі, Мұхамбетәлі – Азретали, Мухаммадали болды. Бәтима – Фатима, Қадиша – Хадиша болды. Кейбір есеалаңдар өз аттарын өзгертіп, мені Айша, Хадиша деңдер деп жаңалық ашты. Қазақтың салт-дәстүріндегі қазақтың шілдехана, орамал жаулық, сыйлық деген сөздерін туғалы естімегендей, «гламурный» уахап-салафиттендіруге атсалысқан қазақтар хиджаб, ақиқа, махр, хадия деп, желіде туғалы тілін-дәстүрін сақтаған қазақтармен, қалайда арабтың салт- дәстүрін енгізуге атсалысып желіде бет жұлысты. Бұл желідегі ең алғаш шайқас, 2010 жылы фейсбук желісінде айқын көрінді, – деді әнші.
Бұдан бөлек, дәстүрлі әнші Құран сөзін алға тартып, көпшілікті адаспауға шақырды.
Алла тағала біздің ұлттты қазақ қылып жаратқасын, сан ғасырлық тарихы бар, біз қазақ деген мұсылманбыз елміз. Дініміз – ислам, тілімізде – кәлима, жүрегімізде – иман. Жүзіміз Қағбаға қараған мұсылман қазақ, өз ұлтыңның тілін, салт-дәстүрін бағала. Ол қазақтан басқа ешқандай ұлтқа қажеті жоқ. Құранда Алла тағала: «Сендерді ұлт пен ұлысқа бөлдік» деген. Ендеше, өз ұлтыңның қадір-қасиетін тілінен, салт-дәстүрінен, тарихынан, жырынан, әнінен, күйінен, шежіресінен, әдебиетінен табасың, – деп жазды ол.