09.12.2023, 12:30

«Келінжан» киносының жалғасы түсіріле ме? Фильм продюсері жауап берді

Фото: "Келінжан" телехикаясынан скриншот

«Келінжан» жүрегімде мәңгі қалады», - деп жауап берді Гүлнұр Мамасарипова

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Келінжан" сериалының жалғасы туралы оқырмандар сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Продюсерге оқырманының бірі "Келінжанның алтыншы маусымын түсіретін ойыңыз бар ма?", - деп сауал жолдаған. Ал Мамасарипова бұл телехикаяның түсірілім жұмыстары жалғаспайтынын айтты.

Өмірімнің ең бір маңызды кезеңінде дүниеге келген "Келінжанның" миссиясы аяқталды. Сарадан басқасына "еншісін" беріп, дүниесін төлеп, атағын да, ақшасын да ұстатып, қоштастым. Ешкімнің ақысы қалған жоқ деп ойлаймын. Енді ондай жоба бола ма, жоқ па оны да білмеймін... "Келінжан" жүрегімде мәңгі қалады, - деп жауап берді Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында.