$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Исабекова күйеуі мен баласын көрсетті

Өнер иесінің айтуынша, ол бұл суретті оқырмандары алаңдамас үшін бөліскен.

Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы
Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Әнші Мақпал Исабекова жұбайы мен баласының суретін Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы

Суреттен әншінің ұлы мен оны құшағына алып отырған ер адамның қолын көруге болады.

Өнер иесінің айтуынша, ол бұл суретті оқырмандары алаңдамас үшін бөліскен.

Міне, сіздерге күйеуімнің қолы. Бұл біздің бірге екеніміздің дәлелі. Біз үшін қатты алаңдаған жандарға арналады, - деп жазды Исабекова.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Исабекова күйеуі екеуінің екі қалада тұратынын мәлім еткен болатын. Өнер иесі жүктілігіне байланысты Алматы қаласына келгенін және күйеуінің жұмысына байланысты Шымкент қаласында тұратынын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары