$ 442.05  474.14  4.74

Димаш Еуропадағы әйгілі «Виртуози» телешоуында қазылық етпек (ВИДЕО)

Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. 

Фото: kudaibergenov.dimash
Фото: kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Виртуози» телешоуында ұлы тенор Пласидо Домингомен бірге қазылық етпек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рақмет, – деп жазды Димаш Құдайберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары