$ 494.87  520.65  4.91

Роза Әлқожа келініне ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО)

«Алтыншы баламыз деп қабылдадық».

Фото: Instagram/roza_alqozha
Фото: Instagram/roza_alqozha

Белгілі әнші Роза Әлқожа келініне ерекше тосын сый жасап, ұлы мен келінін шет елге демалысқа жіберетінін жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Әнші келініне жасаған тосын сыйын Instagram парақшасына жариялаған.

Сіздер бақыт тілеген келініміз ғой. Алтыншы баламыз деп қабылдадық. Жаңа үйленгенде, үйге үйренісе алмай жүргенде күйеуіңнен басқа ешкім қызық болмайды ғой. Бар баққаның, бар күткенің бір адам. Ал, ол өзінше боп жүреді дегендей. Сәлемі, орамалы бәрі де бар. Тек қалаға, қыдыруға шыққанда жалаңбас жүре бер деп рұқсат бердік. Маған да сөйткен. Жалпы, Алматы облысында қатты заң жоқ. Кеше Ясинаға куртка әпер деп Әсемді сауда үйіне жібергенмін. Өзім салонда едім. Идея деген ойда жоқта келеді емес пе?! Келінге күтпеген жерден кеше салонда отырып осылай жаздық та жасадық. Әділ екеуміздің бұл жасырынбағымыз әділ өтті. Оның айғағы міне! Келінжанның аппақ ниеті шығар?! Көңіліңе құдай берсін, - деп жазды әнші.

Көпшілік енесі мен келінінің қарым-қатынасына тәнті болып, жылы лебізін білдіруде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары