11.12.2023, 18:00

Мәдина Сәдуақасова Шавкат Рахмоновтың қарындасын ұзатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

UFC аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әулетінде үлкен қуаныш!

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонованың ұзату тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Қызды ұзату рәсімінде Мадина Сәдуақасова ән айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы танымал әнші әлеуметтік желіде видео жариялап, жазба қалдырды.

Еліміздің мақтанышы, UFC аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әулетінде үлкен қуаныш ! Туған қарындасы Сора ұзатылды! Ел мақтаныштары шыққан әулет өте қарапайым, ашық, жарқын, ақ көңілді жандар екен. Шавкат ағасы Америкадан тойды қарап, құттықтау тілектерін видеомен жіберді. Бағың ашылсын, алтын қыз Сора! Бағың ашылсын, барған жеріңді бақытты қылып, өзің де , нағыз бақытты сол жақтан тап, – деп жазды әнші.