12.12.2023, 03:30

Әнші Бақыт Шадаева бірінші енесімен әлі күнге араласатынын айтты

Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva

«Мені жақсы көреді», деді әнші.

Әнші Бақыт Шадаева "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында бірінші жұбайының анасымен әлі күнге араласатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мен өте тәртіпті келін болдым. Бірінші енеммен әлі күнге қарым-қатынасым жақсы. Мені жақсы көреді. Олар Алтайда тұрады. Үлкен қызыммен жақсы араласады. Қызым әкесімен де араласады. Байланыс үзілген жоқ. Бірақ мен бұрынғы күйеуіммен араласпаймын, - деді Бақыт Шадаева.