Халық өзі бұрып алады. Мен негізі сол баяғы бір қалыпты адаммын.
Әнші Бақыт Шадаева «Ұйқым келмейді»бағдарламасында танымал тележүргізуші Анна Данченкоға өкпесін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші осыдан бірнеше күн бұрын отандық бағдарламаның біріне сұхбат беріп, тележүргізушіні үйінде шын ниетімен қонақ етіп күткенін жеткізді.
Екі күн бұрын Анна Данченко келген. Мен өз бағдарламамды жүргіземін деп, миым айналып жүрген. Мен оның келгеніне қуанып, қарсы алдым. Ол сұхбат алып жатыр екен. Ойыма кірмепті. Ашылып әңгімемді айтып, шын ниетіммен қонақ секілді қарсы алдым. Ол жазып, бүкіл халыққа таратып отыр. Осы әңгіме, міне. Халық өзі бұрып алады. Мен негізі сол баяғы бір қалыпты адаммын", - деді Бақыт Шадаева.