$ 494.87  520.65  4.91

Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды

Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт!

Фото: @mukhamedzhan_tazabek
Фото: @mukhamedzhan_tazabek

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша қазір денсаулығы жақсы, отаның сәтті өткен.

Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт! Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де, “быламыққа тіс сынатынын” білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың.

Ал енді аяқ астынан апатқа ұшыраған немесе отты ошақтарда үйіне бомба түсіп, қансыраған халде пышаққа түсіп жатқан бауырларды ойлағанда, жағдайларын шынайы түсінгенде аза бойың қаза болады…

Ия, Алла, бізге көтере алмайтын ауыр сынақ берме, ал қиындықтан күйзеліп жатқандарға жеңілдігіңді жібер”, деп күбірлеп, дұға қылғаннан басқа қолдан келер шара жоқ…

Өзге бауырыңа бір ауыз болса да дұға тілеу үлкен ғибадат екен. Себебі, сондай бір дұға қылып жатқан құлын көрсе Ұлы Алла оның қасына екі періште жібереді екен. Екеуі екі жақтан тұрып, әлгі дұға қылушыға: “Тілгенің өзіңе де болсын!” деп, “амин” айтып, Аллаға шүйіншілей жеткізеді екен… 

Пенденің пендеге тілегі қабыл болар, болмас, бірақ періште “әмин” десе, оның тілегі Аллаға сөзсіз көтеріледі екен. Сонда біз өзгеге тілектестік білдірумен өзімізге міндетті түрле қабыл болатын үлкен игіліктің иесі болады екенбіз.

Қазір қоғамда қатыгездік те, қаталдық та жетіп артылады. Бір кездегі жомарт бабаларымыздың жауына жасаған қарым-қатынасын қазір біздер жақынымызға жасай алмай жүрміз. Төңірегімізде адам жоқ емес, дастарханымызда тамақ жоқ емес, бәрі бар. Бірақ адамдарда адамгершілік азайды, дастархан басынан береке қашып жатыр… – дейді айтыскер ақын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары