Бұл көрсеткіш отандық прокат үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.
Танымал актриса Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмі рекорд жаңартты. Жарыққа шыққанына 10 күн болған кинотуынды Қазақстандағы ең ірі касса жинаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Комедиялық фильмнің кинотеатрлардан көрсетіле бастаған небәрі 10 күн болған. Соның өзінде миллиард теңгеден астам табыс түскен.
Фильмнің кассалық түсімі (1.12.2023-10.12.2023 жылдар аралығында) 1 100 000 000 теңге болған. Kinopark-Kinoplexx Theatres ірі кинотеатры өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш отандық прокат үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазақстандық фильм осындай қысқа күн ішінде ауқымды кассаға ие болған.
Әдетте, фильмнің бюджеті қомақты болса немесе шетелде түсірілсе әрі премьерасы сәтті күнге жоспарланса ғана миллиардқа кеңелту мүмкіндігі жоғары деген ортамызда таптауырын пікір бар. Дариға Бадықова аталған факторлардың ешқайсысы фильмнің прокатына еш әсер етпейтінін дәлелдеп берді. Толықтай Қазақстанда түсірілген, бюджеті өте қарапайым «Таптым-ау сені» ромкомы 1 желтоқсанда прокатқа шығып, қысқа мерзімде миллиард теңгеден астам касса жинады. Әрине, киноны түсірушілер табысқа жетудің өзіндік формуласын тапқан, – дейді Kinopark-Kinoplexx театрларының өкілдері.