$ 443.37  474.49  4.83

Нұржан Қалжан «Бұлбұл құс» әніне қатысты даудың немен аяқталғанын айтты

Ninety one тобындағы Ace деген жігітке әнді Нұржанның өзі берген.

Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan
Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

Әнші Нұржан Қалжан "1001 түн" бағдарламасында өз орындауындағы әнге қатысты даудың немен аяқталғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұхбатта әншінің "Бұлбұл құс" әніне қатысты сауал қойылып, Ninety one тобындағы Ace деген жігітке әнді Нұржанның өзі бергенін айтқан.  

Кез келген әңгімеде "Осы әнің ұнайды немесе осы өлеңіңді айтшы" деген әңгіме болады ғой. Мен де сол оймен, жауап бере салдым. "Бұлбұл құс" деген әнімді сұрады. Мен енді орындаушы ретінде рұқсатымды бердім. Ал автордан өздері сұрауы міндетті еді ғой. Сөйтіп айтқанымды шулатып жіберген ғой. "Менің "Бұлбұл құс" деген әнім" деген жерді жылдамдатып, бірнеше рет қойған. Содан "Сенің әнің емес. Екіншіден, сен рұқсат беретін автор емессің. Сотқа береміз" деп шықты. Авторы продюсеріне құқық беріп қойған екен. Содан Қытайға авторына шықтық. Дауласып, сосын барып шешілді. Қол алысып, достастық", - деді Нұржан Қалжан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары