$ 494.87  520.65  4.91

Ұлықпан Жолдасов немерелі болды (ВИДЕО)

Ежелден біздің ұлт ер баланы жақсы көріп, басқалардан жоғары бағалаған.

Фото: ©instagram.com/farida_zholdasova
Фото: ©instagram.com/farida_zholdasova

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева «Оян» бағдарламасында қонақ болып, әріптесі Лұқпан Жолдасовтың жуырда немерелі болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол қазақтың ұлттық тағамдары туралы ой бөлісу барысында айтып қалды.

Ұлтабар – қазақтың әдемі тағамдарының бірі. Малдың асқазанымен жалғасатын тұстағы қарнының бір бөлігі. Қазақ әрбір тағамға мән берген. Соның ішінде ұлтабарды ерекше құрметтеген. Әйелдерге тікелей қатысты болғасын, көбіне әйел адамдар жеген. Атының өзі де «ұлтабар» деп бекер қойылмаса керек?! Ежелден біздің ұлт ер баланы жақсы көріп, басқалардан жоғары бағалаған. Ұл дүниеге келсе, атұстар, шаңыраққа ие болатын бала келді деп айтатын. Қаншама келініміз ұлтабар жеп, ұлды болып жатыр. Кеше тағы бір келін ұл тапты. Оны сіздер жақсы танисыздар. Бізге атұстарды дүниеге әкелген келін – Ұлықпан Жолдасовтың келіні. Ұлы Болат пен келіні Алтынай ұлды болып жатыр. Перзентханадан шығарып алуға барамыз, – деп сүйіншіледі әнші. 

Еске салсақ, танымал сазгердің ұлы Болат Жолдасов екінші рет шаңырақ көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары