Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз.
Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген талаққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында «Еркектер, құтырмаңдар» деген атаумен видео жариялап, жазба қалдырған.
Талақ, талақ, талақ... деген үш сөздің неге біз үшін мәні бар болып қалды?
Кезекті "Сіңіліме сыр" айдарында осы "талақ" тақырыбын қозғауды жөн көрдім. Шыны керек, өзім осы талақ десе, қатты ашуым келеді екен…
Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда "талақ" деген ұғым түгілі, сөз де жоқ. Сондықтан, бос сөзге бас ауыртпаңдар, - деп жазды Дина Төлепберген.