$ 494.87  520.65  4.91

Меруерт Түсіпбаева сұхбат беру үшін журналистен қомақты қаржы талап етті

Меруерт Түсіпбаеваның "бағасын" естіген Аман Тасыған ол қаражатты жинау үшін әлі біраз уақыт жұмыс істейтінін айтқан. 

Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Әнші, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева сұхбатты ақылы түрде ғана беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Эстрада жұлдызы өзін сұхбатқа шақырып телефон соққан Аман Тасығанмен сөйлескен жазбасын Tik Tok желісіне жариялаған. 

Аман Тасыған маған жыл сайын хабарласып, сұхбатқа шақырады. Ал, мен жыл өткен сайын бағаны көтеріп жатырмын. Осы жолы 700 мың теңге деймін. 700 мың төле, мен сол ақшаны жаңа жыл қарсаңында соңғы тиынына дейін аурушаң балаларға беремін, чегін саған жіберемін. Осылайша біз тақырыпты жабамыз. Мен саған кіммен өмір сүретінімді, кіммен дос екенімді, не себепті ұрысып, жылап, неге кей сәттерде күлетінімді, қайда бардым бәрін айтып беремін, спонсор ізде, - дейді әнші. 

Меруерт Түсіпбаеваның "бағасын" естіген Аман Тасыған ол қаражатты жинау үшін әлі біраз уақыт жұмыс істейтінін айтқан. 

Онда маған біраз жұмыс істеу керек екен, көбірек ақша тауып сізді шақыру үшін. Біз маркетингімізді қосып, өзімізді сатып үйренгенде хабарласамыз, - дейді ол. 

Әнші Америкаға көшуді жоспарлап жүргенін айтып, журналиске қаражатты тезірек жинауға кеңес берді. 

Оған дейін мен Америкаға көшіп кетуім де мүмкін. Қазақстанда 700 мың теңгені төлей алмасаң, Америкаға бара алмайсың. Билеті бәрі қымбат, виза керек,  - дейді Меруерт Түсіпбаева. 

Әншінің бұл сөзін желі қолданушыларының дені қолдауда. 

"Дұрыс", "Дұрыс айтасың, өсек жинағандарға сөйту керек", "Жарайсың, күшті айттың", "Дұрыс, уақыт қымбат", "Аманға сол керек, бұл аямайды", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 8
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары