19.12.2023, 13:00

Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі дүниеден өтті

Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov

Бірінші әйелі Айгүл Иманбаева да қазаға көңіл айтты.

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің, - деп жазды актер.

Сондай-ақ, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші әйелі Айгүл Иманбаева да қазаға көңіл айтты.

Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен, - деп жазды әнші.

Сонымен қатар жазбаның астына бірнеше өнер адамдары актерге көңіл айтып пікір қалдырған.