Бір күні келсек заттарымыздың бәрін далаға шығарып тастапты. Иесіз далада қанша күн тұрғанын білмейміз, келсек киімдеріміз су болып, көктеп кетіпті.
Танымал жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш дуэті алғаш рет отбасы туралы айтты. Отау құрған жылдары тұратын баспаналары да болмай, пәтер жалдаған кездерін де еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдызды жұпқа бірінші болып көмек қолын созған Ақбота Керімбекова көрінеді.
Ақбота әпкеміз жанашырлықпен “анамның үйінің алдында бір бөлмелі жазда отыратын үй бар, соған барып тұрыңдар. Айына 10 мың теңге беріп тұрсаңдар да жетеді” деді. Шынайы жанажырлықпен айтқанын білдік. Ол кезде сол үйге шын мұқтаж едік. Ақбота әпкемізге сеніп, сол үйге көшіп бардық. Анасын да танымаймыз. Балалығымыз ғой, түрлі қалаға кетіп қаламыз. Атырауға кетіп, сол жақта біраз күн аялдап қалдық. Уақытысында пәтерақыны бере алмадық. Бір күні келсек заттарымыздың бәрін далаға шығарып тастапты. Иесіз далада қанша күн тұрғанын білмейміз, келсек киімдеріміз су болып, көктеп кетіпті. Ол кісімен таныстығымыз жоқ. Тек Ақбота әпке арқылы ғана танимыз.
Алайда Қуаныш пен Қарлығаш Керімбековаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.
Ол кісіге ренжіген жоқпыз. Әпкемізге де әлі күнге дейін алғыс айтамын. Қатты қиналғанда қол ұшын беріп, жанашырлық танытты. Бізден де қателік кетті. Атыраудан келген күні Бақтияр Тайлақбаевпен жолығып, жұмыс жөнінде сөйлесуім керек еді. Сол кездесуге киетін киімі болмады. Заттың бәрі жарамсыз болып қалған, – деп еске алады әнші.