$ 494.87  520.65  4.91

«Сотқа берді»: Айқын Төлепберген танымал сазгермен дауласып қалды

Адам ішінен шыққан туындысын ешкімге бермейді ғой.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген өз репертуарындағы "Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деген сазгер Садық Қынатпен дауласып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Отыздан асып барамын" әнін 1993 жылы өзімнің 40 жасыма жазғанмын. Қазір 70-темін. Мұны ауылда отырыстарда "қырықтан асып барамын" деп айтып жүрдім. Кейін әншілер сұрағаннан кейін Мұқағалидың сөзіне жазылған әнге айтып жүрдім. Көп жерде менің әнім екенін біледі. Бүкіл түркістандықтарға танымал ән. Ал Айқын Төлепберген орындаған кезде менің аты-жөнімді айтпайды. Оған хабарласқанымда "бұл ән сіздікі емес, Тұрсынғазы Рахимовтан алдым" дейді. Адам ішінен шыққан туындысын ешкімге бермейді ғой. Айқын маған хабарласып, рұқсат сұрамаған. Мен оған өзім хабарласып, осы әнді бір кеште орындап беруін сұрағанмын. Бірақ ол уақыты жоқ екенін айтып, "ән сіздікі емес" деді. Сол себепті өз құқығымды қорғау үшін сотқа бердім, – деді сазгер.  

Алайда сотта бұл істі Айқын Төлепберген жеңіп шыққан.

Маған хабарласып, Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деді. Баласы хабарласып, ақша сұрады. Содан кейін мен авторлық қоғамға сұраныс жібергенде әннің авторы басқа адам деп жазылған. Кейін ағайға хабарласып, мұны айттым. Мені сотқа берді. Сот үрдісі өтті, мен сотта ұтып шықтым. Сөйтіп, мәселе жабылды, – деді әнші.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары