Бұл жағдайда әйел заты қаталдау келеді екен. Аналарының көзінен бір тамшы жас шықпаған тойды да көрдік. Әкесі егіліп тұрды.
Жақында қоныс тойын тойлап, зәулім баспаналы болған Қайрат Әділгерей көпшілікке балаларын көрсетті. Ұлы ержетіп, қызы бойжетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актер жұбайы Бақыт Тұрмановамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.
Осыдан 4-5 жыл бұрын қыз ұзату тойын жүргізгенде ешқандай сезім болмайтын. Қазір қыздарым есейіп келе жатқасын ба, қыз ұзату тойын жүргізсем, көңілім босайтын болыпты. Ұзатылып бара жатқан қызын жібермей жылаған әкелерді де көрдік. Әйелі “Соғысқа кетіп бара жатқан жоқ” деп күйеулеріне ұрысып жатты. Ер адам көз жасын көрсете бермейді ғой, бірақ қыздың үйіңнен кетіп бара жатқаны қиын екен. Жасымыз үлкейіп келе жатқасын, ондай көріністе теріс қарап жылап алатыным бар. Несін жасырайын?! Кез келген әкенің басынан өтетін жағдай. Ешкім қызын құп-құрғақ көңілмен шығарып сала алмайды. Бұл жағдайда әйел заты қаталдау келеді екен. Аналарының көзінен бір тамшы жас шықпаған тойды да көрдік. Әкесі егіліп тұрды, – дейді актер.
Айтуынша, ұлдың тәрбиесіне өзі жауапты, ал қыздарының тәрбиесін анасына сеніп тапсырған көрінеді, деп жазады Stan.kz.
Ұлымның тәрбиесімен тікелей өзім айналысамын. Қыздарымның тәрбиесін шешелеріне тапсырдым. Бақыт бала тәрбиесіне келгенде өте қатал. Қыздарым үй тірлігіне араласып, қыз баланың міндеттерін біледі. Айтпақшы, біздің үйдің балаларының аттары тап-таза қазақша. Ерсұлтан, Айнамкөз, Еркежан, Елігай деп кете береді. Діни ат қоюдан аман-есен өтіп кеттік. Балаларымызға қазақша ат қою үрдісі отбасымызда жақсы сақталған, – деп ағынан жарылды актер.
Сондай-ақ әнші той жүргізгендегі алатын гонарарын да айтып қалды.
Менде баға әртүрлі. Қатып қалған баға жоқ. Тегін де жүргізе беремін. Өткенде жас жұп Бақдәулет пен Құралайдың тойын тегін жүргіздім. Жас жігіт арбаға таңылыпты. Ұнатқан қызы қиын сәтте тастап кетпей, тұрмысқа шыққан. Командамызбен барып қуанышына ортақтасып қайттық. Біреудің көңіліне, біреудің ниетіне қараймын. Қатып қалған баға жоқ. 500 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін. Жанымда музыкантым бар. Жолымыз, ұшағымыз, қонақүй бәрі соның ішінде. Келіскенге байланысты, – дейді өнер иесі.