$ 439.43  473.31  4.82

Әнші Мөлдір Әуелбекова балалар үйінен бала асырап алғысы келетінін айтты

«Олардың көзқарасы, тағдыры басқа болатынын түсіндім».

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат беріп, балалар үйінен бала асырап алуды өзіне мақсат етіп қойғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, фильмге түсіп жүрген кезде режиссер оған балалар үйінде тұруға тапсырма берген. 

Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаев болды. Ол "Мөлдір "Ғашық жүрек" фильміндегі балалардың көзқарасын экранда көрсету үшін балалар үйінде он күн тұрасың" деді. Оның неге олай айтқанын сол жаққа барғанда ғана түсіндім. Бір күн тұрдым да, қашып кеттім. Шыдай алмадым. Олармен бірге тамақтанып, бірге ойнадық. Олардың көзқарасы, тағдыры басқа болатынын түсіндім. Ондай өмір көрмегесін, бір күнге шыдай алмадым.

Балалардың тағдыры өте ауыр. Кетіп қалғасын ғана "Асқар, мен кетіп қалдым" деп хабарластым. Бірақ режиссер "Қайта барасың" деді. Олар мейірімге зәру. Біреуін құшақтасаң, барлығы қойныңа кіреді. Шүкіршілігіміз аз екенін түсіндім.

Сол кезде "Бала асырап алғым келеді" деген мақсат пайда болды. Қазір баламды дайындап жүрмін. Баламды апарып тұрамын. Бала жоқшылықты да көруі керек. "Балам, қазақтың бір қаракөзін алайық. Сен аға боласың" деп үйретіп жүрмін. Балам да қарсы емес. Бірақ әлі ерке сияқты, - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары