$ 443.37  474.49  4.83

Айгүл Елшібаева Akon-ға іш киімін лақтырған тыңдармандарды айыптады

Көп уақыт өтпей-ақ, жазба астына әншінің оқырмандары мен өнердегі әріптестері жарыса пікір жазып, қолдайтынын білдірді.

 

 

Фото: qazaqconcert.kz
Фото: qazaqconcert.kz

Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева америкалық әнші Akon-ға іш киім лақтырған астаналық тыңдармандарды айыптады. Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, елдің мәдениетіне жауапты кісілердің жұмысын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев америкалық рэпердің концертінде болған тосын жағдайға қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын.

Қай қазақтың қызы, келген қонағына сахнаға іш киімін лақтырған. Мына азғындықты көрген көзімізден ұялды. Қазақтың ұлттық идеологиясы мемлекеттік дәрежеде болмағасын, елде мәдениетсіздік, тексіздік жайлайды. Сырттан келген қонақ сенің ұлтыңның мәдениетіңнің дәрежесін осы әрекеттерің арқылы көріп кетеді. Қазақ қонаққа төрін берсе де ар-намысын таптатпаған халық. Қазақтың ұлттық идеологиясына өмірін арнаған, қазақ руханиятының, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков мәдениеті басқарғанда, сахна мәдениеті қазақтың ұлттық сипатынан ажырамаған еді. Қазақты үстінен қарағысы келген өзге ұлттың әншісін Қазақстанға кіргізбеген, аттатпаған, – деді ол.

Тағы оқи отырыңыз: Жезөкшелікті насихаттайтын Akon-ға домбыра сыйлау надандық - депутат

Өнер иесінің айтуынша, шетелден жалғыз әншілер ғана емес, коуч-тренерлерге де тосқауыл болуы керек.

Өзбекәлі Жәнібековтей, КСРО-ның қылышы қан тамып тұрғанда, ұлтының мәдениеті, мен салт-дәстүрі, діни-таным түсінігі үшін қызмет еткен азаматтар кем-де кем. Өзекеңдер тірі болғанда, ұлттық идеологиямыз жұмыс жасап, орамал, жаулық, кимешек ки деп , хиджап салт-дәстүрімізде болған емес-, деп ешкімге түсіндірмес едік. Қазақтың қызы қара жамылмас еді, ұлттық сипатынан айрылмас еді. Бізге жеткен қазақтың мәдени бай мұрасы, ұлттық жәдігерлеріміздің осы ғасырға жету, ұлт жанашырларының арқасы. Қазір өз ұлтының құндылықтарын білмейтіндерге, сол музейдегі жәдігерлердің суреттерін көрсетіп, көзін шұқып ашудамыз. Қазақ руханияты -қара күштермен, ұлттық мәдениетіміз, жаханданумен күресіп жатыр. Шет елден келген коуч-тренингшілер қауымдасып өмір сүрген бауырмашыл қазақ халқына , қара басыңды бақ деп ұлтымызға басқа діндерді насихаттауда. Қазақ ұлты, ана ғасырға қазақ болып бару үшін, әр қазақ қазақтың-тіліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, діни -таным түсігіне жаны ашысын. Қазақтың жер бетінде жұтылып кетпей тірі тұрғаны, елдегі ел ішіндегі аруақты, ұлттық сипатынан айрылмаған, аузы дуалы мықтылардың арқасында, қазақ руханият әлемінен суарылып отыр. Өзбекәлі ағамыз бастаған қазақтың мәдени-рухани жолын жалғап, мінбелерде мәселелерді көтеріп отырған Аманжол Әлтаеа ағамыз бастаған ұлт жанашырларына қолдау білдірейік, – деп жазды әнші. 

Көп уақыт өтпей-ақ, жазба астына әншінің оқырмандары мен өнердегі әріптестері жарыса пікір жазып, қолдайтынын білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары