21.12.2023, 16:40

Шот төлеуге таласқан отандық актерлар «төбелесіп қалды» (ВИДЕО)

Фото: скрин Instagram/sanjar.madi

Аталмыш видео Қытайдың Хайнань аралдарында түсірілген. 

 

Қазақстандық актерлар мейрамханада шотты төлеу үшін таласып "төбелесіп" қалған. Өнер иелерінің бұл видеосын актер Санжар Мәди жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада одан басқа Берік Айтжанов, Асан Мәжіт және Жайдарбек Күнғожинов бой көрсетті.

Отандық актерлар мейрамханада отырған кезде шотты төлеу үшін таласып қалған. Видеодан әртістердің шотты кім төлейтінін келісе алмай, бір-біріне жұдырық ала жүгіргенін көруге болады.

Алайда соңында шотты аңыз актер Асанәлі Әшімов келіп төлеп тастаған.

Айта кетейік, аталмыш видео Қытайдың Хайнань аралдарында түсірілген.