«Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды».
Әнші Ғаділбек Жаңай анасымен соңғы сәтте қоштасып үлгере алмағанын айтты. Бұл туралы ол Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2007 жылы Алматыда тұрамын. Ұйқыдан оянсам, өзімді өте жаман сезініп жатырм. Еш жерім ауырмайды. Бірақ жүрегім ауырып барады. Сосын "Телефон шалады. Жаман хабар келеді" деген ой кеп жатыр. Сол кезде телефон шырылдайды. Алмаймын. Қайта хабарласты. Телефон тұтқасын көтеру керек екен. Әкемнің бауыры, немере ағам хабарласып тұр. "Ғадөш, бірінші билетпен елге кел. Анаң сырқаттанып жатыр" деді. Содан ауылға барғанға дейінгі аралық есімде жоқ.
Өмірімдегі ең жаман хәл сол сәтте болды. Ауылға келемін. Біздің үй дөңнен кейін көрінеді. Киіз үй тұр. Мамыр айында ешкім киіз үй тікпейді. Жазда күн жылыда тігеді. Сол кезде анаммен қоштасуға кеш қалғанымды түсіндім.
Менде бір аптаға дейін эмоция болмады. Мен басында түсінбедім, сенбедім. Анамды жер қойнына тапсырдық. Жетісі өтті. Сенгім келмеді. Қырық жасыма дейін мұндай күй болмаған. Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды, - деді Ғаділбек Жаңай.
Дереккөз: Nur.kz