26.12.2023, 05:30

«Өсек пен төсекке қызықпайық»: Нұржан Керменбаев өзін сынағандарға жазба жариялады

Фото: Instagram/nurzhan_kermenbayev

Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар!

Танымал әнші Нұржан Керменбаев Instagram парақшасында оқырмандарына жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әнші Элизат Берікова Instagram парақшасына Нұржан Керменбаевпен видео жариялаған болатын.

Сондай-ақ жақында қос әнші «Біздің махаббат» атты әнін жазып, көпшілікке ұсынды. Жанұясы бар әншінің бойжеткенмен осындай ән айтуы, әрі Элизатпен түскен видеоларын әлеуметтік желіге жиі жүктеуі тыңдармандар арасында сынға қалды.

Осыдан соң Нұржан Керменбаев көпшілікке арнайы жазба жариялады. 

Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой.

Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар!

Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым, - деп жазды әнші.