26.12.2023, 16:40

Әйгілі Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Фото: marvel_dc

Әзірге Джеки Чанның жағдайы туралы актердің отбасы мүшелері мен туыстары әлі қосымша мәлімет берген жоқ.

Танымал актер Джеки Чан шұғыл түрде Шанхайдың Лин Шан ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Metaratings.ru порталының жазуынша, 69 жастағы актердің жағдайы өте қиын. Оған дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Бұл ақпарат әзірше расталмаған. Дегенмен Қытайдың әлеуметтік желісінде актердің денсаулығы туралы барлық мәлімет тез арада өшіріліп жатыр деген дерек бар.

Джеки Чанның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр, – деп хабарлады Meta MMA.

Әзірге Джеки Чанның жағдайы туралы актердің отбасы мүшелері мен туыстары әлі қосымша мәлімет берген жоқ.