28.12.2023, 15:00

Дильназ Ахмадиева тоғыз жыл бойы бала сүйе алмағанын айтты

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Ол 39 жасында алғаш рет ана атанған.

Белгілі әнші Дильназ Ахмадиева  "4:1" подкастына қатысып, өміріндегі ауыр кезең жайлы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Әншінің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы балалы бола алмай, бедеулікпен күрескен. Нәтижесінде өнер иесінің қалауы орындалып, ол 39 жасында алғаш рет ана атанды.

Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бірінші некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы емделудің нәтижесінде Зейданды дүниеге әкелдім. Бұрын "жасым өтіп барады, бала туу керек" деп ойлайтынмын. Қазір дәл уақытында ана атаныппын деймін. Оған дейін дайын болмағанмын. Менің болмысымды өзгерткен – балам. Бұрын ер бала секілді жүретінмін, қазір әйел сезінемін өзімді, – дейді әнші.