Өнер иесі жаңа жылдық образдағы фотосессиясын ел назарына ұсынып, 2023 жылды қорытындылаған.
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылға орай балаларымен ерекше отбасылық фотосессия жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық фотоларын Instagram парақшасында жариялаған. Суреттерде актрисаның төрт баласымен бірге шыршаның қасында отырғанын көруге болады. Өнер иесі жаңа жылдық образдағы фотосессиясын ел назарына ұсынып, 2023 жылды қорытындылаған.
Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрамыз. Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз. Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай. "Әлем ханымы" атағын әкелген ай, "Сезін" кітабының тұсауын кескен ай, "Махаббат мұнарасы" қойылымының премьерасы болған ай, "Ажырасам" фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы "Қара шекпен" әфсанасының премьерасы болған ай. Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын, - деп жазды актриса.
Әбдікәрімованың отбасылық фотоларына көпшілік жылы лебізін білдіргенімен, арасында кері пікір жазғандар да табылды. Оқырмандар актрисадан отбасының отағасы Қайрат Нұртасты сұрап, оның не себепті фотосессияға қатыспағанын білмек болған.