29.12.2023, 12:40

Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасына барды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге әкелгеніңіз үшін бүкіл Қазақ елінің атынан мың алғыс!

Танымал актер, продюсер Қайрат Әділгерей Батырхан Шүкеновтің анасы Дильяра Шүкеноваға сәлем беріп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтауға барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында видео жүктеп, жазба жариялады. 

Батырхан Шукенов ағамыздың анасы Диляра апамызға салем беріп, келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап,көңілін аулап қайттық! Диляра апау, ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын! Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге әкелгеніңіз үшін бүкіл Қазақ елінің атынан мың алғыс!, - деп жазды ол.