29.12.2023, 18:00

Қарақат Әбілдина ұлының қашан үйленетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: @karakat_a парақшасынан алынды

Бекболаттың қазір жасы – 23те.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасы және үлкен ұлының үйленуіне қатысты сөз қозғады. Бұл туралы әнші «Оян» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде өнер иесі 6 баланы дүниеге әкеліп, «Күміс алқа» иегері атанған.

Мен әйелмін, әлемнің анасымын» деп әндетіп жүргенде, ене болатын жасқа жетіппіз. Бекболаттың қазір жасы – 23те. Өзіміз де отау құратын жасқа жеттің, келіншек ал деп жатырмыз. Уақыттың еншісіндегі дүние болып тұр. Әзірге шаңырақ көтеру туралы ой айтып жүрген жоқ. Өсуім керек, бала-шағамды асырайтын қаржы жинауым керек дейді. Отбасын құру – күрделі қадам, үлкен жауапкершілік екенін түсінгеніне риза болдым. Бірақ әкесі екеуіміз қазір үйленемін десе де дайын отырмыз. Ене болуға да, әже болуға да дайынмын. Жан-жақтан қысым көрсетіп, үйленуің керек демейміз, – дейді әнші.