Ешкім ештеңе пісірмей, дайындалмай, шаршамай демалсын дедік.
Жуырда келін түсіріп, ене атанған әнші Роза Әлқожа Жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, бұл жолы Жаңа жылды отбасымен бірге ерекше қарсы алған. Әдетті түнгі он екіні үйде қарсы алатын өнер иесі бұл жолы отбасын демалыс орнына алып барған.
Биылғы жаңа жыл ерекше болды. Әдетте, үйде, келген қонақты қарсы алып, сосын көршілерді аралаушы едік. Енді ортамызға жаңа адам қосылған соң, демалыс орнына хабарластық. Ешкім ештеңе пісірмей, дайындалмай, шаршамай демалсын дедік. Құда мен құдағиды да шақырып, құда бала мен келінге де балаларымен келсін дедік. Солай дос, туыстан бөлек, отбасымызбен қарсы алған жаңа жыл болды. Бала боп таудан сырғанап, таза ауамен тыныстап, керемет әсер алдық. Кешкі ас пен мейрамхана ұсынған шоу бағдарламаны тамашалаған балалар риза, – деп жазды сахна жұлдызы.