$ 441.58  480  4.86

«Қайратты жалғыз қалдырмайық дедік»: Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды неге Алматыда қарсы алғанын айтты (ВИДЕО)

«Адамның емес, Алланың дегені болады деген рас қой».

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды қалай қарсы алғанын, жоспарларының өзгеріп неліктен Алматыда қарсы алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жанұясы түгел жанында болмаса да, олар телефонмен, видеоқоңырау арқылы байланыста болған.

Қазіргі жастар не деген бақытты, дамыған заманда өмір сүріп жатқан. Ата-анамыздың көзі тірі кезінде, алыста жүрген біздерден сарғая, сағына тек хат күтуші ед, 1-2 аптада амандығы жазылған хат та жетіп қалар деп.Зуылдап өтіп жатқан заман-ай! Баршаңыздың отбасыңызда ауызбіршілік, татулық орын алсын! Абысын тату болса, бауырлар ажырамайды, жақындай түседі, өнеге алған ұрпағы бірін-бірін бауырым деп таниды. Алла саналы, адал келін бұйыртсын әрбір шаңырақтың шамшырағы боларлық. Анау кінәлі, мынау кінәлі деп өсек іздегенше, әр адам өз қатесін түзесе деймін. Барыңызда бағалаңыз! Өмір-өзен!, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар, продюсер жаңа жылда үлкен ұлы Қайрат Нұртас жоспар бойынша, Қатар еліне ұшу керек болғанын жеткізді.

Аян мен Айгерім Астанада тұрады. Айгераға қоятын еш мініміз жоқ. Аян екеуі Қытайдан енді ғана келді, бекерге балаларды ауыртып алады, Астананың боранынан бала-шаға тұрмақ, Нұрекең 15 сағат әуежайда кідіріп, 1 тәулік отырып әрең жетті. Негізі Астанаға барып бәріміз бірге қарсы аламыз деп ойластырғанбыз. Оған Қайрат Қызылордадан 31-не кешке Алматыға тапсырыстарынан келді, жалғыз қалдырмайық дедік. Бала-шағасына Катарға да Алматыдан ұшуы керек болды. Мен де жаңа-жылды қарсы алып бола сала Вьетнамға ұшуым керек болды. Әйтеуір жоспарымыз өзгеріп кетті. Адамның емес, Алланың дегені болады деген рас қой, – деді продюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 20
Күлкілі 7
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары