$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі актриса күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойды

Дүнген араласқан ұйғыр.

Фото: djurinskaya инстаграм парақшасынан
Фото: djurinskaya инстаграм парақшасынан

Отандық кино әлемінің жарық жұлдызы, актриса Жәния Джуринская жаңа жыл қарсаңында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, ескі жылда жақындарынан айырылған көрінеді. 

Ең керемет жаңалығымыз София алғаш рет “мама мен папа” сөзін айтты. Әжеміз дүние салып, атамыздың артынан кетті. 2023 жыл саяхат жылы болды. Мальдив аралдарынан бастап, Түркия, Амстердам, Грекия, Мәскеу, БАӘ елдеріне қыдырдық. Әлем жұлдыздарының концертін көрдік. Психологиялық тренингтерге қатысып, жанымыз бен тәнімізді емдедік. 20-ға жуық терапиялық сабақ алдым. Анамызды Германияға қыдыртуға жібердік. Әкемізге көлік сыйладық. Табысымыз бен кәсібіміз үшін берекелі жыл болды. Филиппин елінен бала күтушісін жалдадық. Қазір отбасымызға үйреніп, қызыма бауыр басып алды. Онымен ағылшынша сөйлесеміз. Қызым да ағылшын тілін үйрене бастады. Ең кереметі жаңа жылда ұлымызды күтеміз. Біз екінші мәрте ата-ана атанамыз, – деп жазды актриса. 

Сондай-ақ Жәния Джуринская күйеуінің ұлтына қатысты сұраққа да  жауап берді. 

“Сіздің күйеуіңіз ұйғыр ма?” деген сауалға “Дүнген араласқан ұйғыр. Әкесі – ұйғыр, анасы – дүнген” деп жауап жазды. “Дәл осылай жүргенің күйеуіңнің арқасы емес пе, оған дейін сенде мынадай байлықтың біреуі де болған жоқ еді. Күйеуің бүкіл жағдайыңды жасап отыр” деген оқырман пікірін де актриса назардан тыс қалдырмады. “Сіз сенімдісіз бе, менде күйеуге шықпай тұрып, байлықтың болмағанына?!” деп шүйлікті. Ал желі қолданушылары Жәнияның күйеуінен де керемет байлық иесі екенін жарыса жазып жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары