$ 442.05  474.14  4.74

Есен Елеукен: Біздің қоғамда маска киетіндер өте көп (ВИДЕО)

Бірақ «еркіндік бар» деп тым дарақыланып кетуге болмайды.

«Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен «Qasqa Jol» ютуб-арнасында қонақта болды. Сұхбатта Есағаның қарызы, «ахаху-сахаху» кинолар, Жайдарманға тартылған 10 мың қыз-жігіт және таңертең үйінен «маска киіп, түр жасап алатын» адамдар жайлы айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әзілдеуде еркіндік бар. Алайда «еркіндік бар» деп тым дарақыланып кетуге болмайды.

Әзілдеуде еркіндік бар. Жеке тұлғаларға байланысты әзілдегенде дарақыланып кетудің қажеті жоқ. Енді қоғамда кім қалай өзін ұстайды, соған байланысты ғана әзілдейді. Ал біреулер өзінің үстінен әзілдегенді жақсы көреді. Себебі ол өзінің жасап жүрген жұмысына қатысты болуы мүмкін, – деді Есен Елеукен.

Бағдарлама жүргізушісі Есен Елеукеннен «Ресейде бір-бірінің даусын салу, пародия жасау бар. Соған қалай қарайсыз?» деп сұрады.

Бізде де бар ғой. Жалпы, біздің қоғамда маска киетіндер өте көп. Таңертең бәріміз бір-бір маска киіп шығамыз. Өтірік емес. Екі жыл ковидтің кезінде маска тағып жүрген кезде ол білінбейтін еді. Қазір енді күлесің, жымиясың, амандасасың. Біреулер соны қалап тұрады. Енді мен өмірде түнеріп жүремін. Бірақ оны түнеріп жүр деп қабылдамаңыздар. Болмысым солай, – деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары