«Бұл орын алған дауды өзі түсіндірсін. Бастаған өзі, өзі аяқтасын. Сол ғаламторда шу шығармай, маған өзі хабарласып айтса болатын еді», - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Арна режиссері осы сөз айтылғанда, алдыңғы қатарда мәз-мейрам болып отырған Бекболат Тілеухан мен «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабекті көрсете қойды.
Арыстықтармен жеке кездесуге Алтынбек Қоразбаев, Майра Ильясова, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Алмас Алтынбеков, Асхат Садырбай, Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдірайымов, Жанболат пен Жазира, «Өнер қырандары» және тағы да басқа әртістер келген.