$ 494.87  520.65  4.91

Рахат Тұрлыханов пен әйелі видео-үндеу жасады

«Отбасымызда ұрыс-керістің болғаны рас».

Фото: @rakhat_turlykhanov
Фото: @rakhat_turlykhanov

Әнші Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі Алтынай Instagram-дағы парақшасында халыққа видео-үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелім екеуміз отбасымызға қатысты соңғы жаңалықтарға түсініктеме беруді шештік, - деді Тұрлыханов.

Әншінің әйелі Алтынай олардың отбасындағы жағдайды айтып, барлығы жақсы екенін жеткізді.

Өзім түсініктеме беруді жөн санадым. Рахат екеуміздің арамызда бәрі жақсы. Рахат - аяулы жар, сүйікті әке, мейірімді адам. Отбасымызда ұрыс-керістің болғаны рас. Басқа отбасылардағыдай бізде де түсінпеушілік болып тұрады. БАҚ өкілдері істің байыбына бармай, оны жаман жағынан көрсетіп, жаңалық таратып жатыр. Сіздердің алаңдаушылық білдіріп отырғандарыңызды түсініп отырмыз. Бірақ уайымдауға себеп жоқ. Бізде барлығы жақсы. Баршаңызға қайырлы күн тіледім, - деді әншінің жұбайы Алтынай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары