Құранда айтылғандай, ер адамның табиғатына сай жауап бердім.
Әнші Төреғали Төреәлі Толқынның әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді. Өнер иесі тоқал алуға қатысты әңгімеге де нүкте қойды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол тағдырына жазылған кез келген іске мойынсұнатынын айтты.
Осы тақырыпты қозғайын деп сұхбатқа барған жоқпын. Сұрақ сол тараптан келді. Сол үшін өтірік айта алмадым. Құранда айтылғандай, ер адамның табиғатына сай жауап бердім. Егер тағдырыма әйел алу жазылса, оны алмай қоймаймын. Тағдырыма жазылмаса, он жерден алам десем де, ала алмас едім. Бұл әлем жаратылмай тұрғанда тағдырлар жазылып қойған, - деп жауап берді әнші.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Төреғали Төреәлі: Екінші әйел аламын, тіпті, төртеу алсам ба деймін