$ 494.87  520.65  4.91

«Қыдекеңнің кітабына фильм түсіреміз». Қарақат Әбілдина алдағы жоспарымен бөлісті

Жұрт біле бермейтін қыры сонда ашылады.

Фото: karakat_a инстаграм парақшасынан
Фото: karakat_a инстаграм парақшасынан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Қарақат Әбілдина "1001 түн" бағдарламасында алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі жолдасы Қыдырәлі Болман биыл тыңдармандарымен қоса оқырмандарын да қуантатынын айта кетті. Себебі әнші кітап жазып жатыр.

Жолдасым Қыдырәлі Болманның биылғы жылға үлкен тартуы бар. Қазір кітап жазып жатыр. Жұрт біле бермейтін қыры сонда ашылады. Кітапта мен де бармын.  Өзі сол кітаптың  қызығына кіріп кеткен. Жатса да, тұрса да ойлайтыны сол. Кітап желісімен фильм де түсіргіміз келеді, – деді ол.

Сондай-ақ, ол жолдасының биыл 60 жасқа толмайтынын, куәлікте қате кеткенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары