$ 498.34  519.72  4.85

«Шошаңдамай тыныш жүруі керек»: Қарақат Әбілдина қыздарға ақыл айтты

Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да анасы жауапты. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, қыздың жігітпен жүрген кездегі өзін ұстауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Көпбалалы ананың ойынша, өмірлік жар таңдауда алдамшы сезімге берілмеу керек.

Қоғамда әйелге қол көтеретін ер-азаматтарымыздың белең алып бара жатқаны жанға батады. Бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Өзімізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылып, балалар жетім қалып жатыр. Әрине жанға бататын дүниелер. Осы келеңсіз оқиғаларды болдырмау екі жасқа тікелей байланысты. Өмірлік серігіңді таңдаған кезде сен оның тегі кім, қай жақтан екенін зерделеп, біраз жүріп, көзіңді жеткізіп, әрі-бері тануың керек. Содан кейін ең әуелі адам өзінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Аяқтарын шалыс баспау үшін өздері қыз болып жүрген кездің өзінде шошаңдамай жүруі керек. Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып, от басып қалып жатады. Сондай жағдайдың салдары жақсы болмайды. Сондықтан да «қызға қырық үйден тыю» деп қазақ бекер айтпаған, – дейді ол.

Бұдан бөлек, әнші отбасындағы жанжал кезінде алдымен салмақ әйелге түсетінін атап өтті. Айтуынша, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын нығайтатын әйел көрінеді.

Әйел – үйдің берекесі мен шырағы. Көп нәрсе айналып келгенде әйел затына байланысты. Өйткені әйелдің арқасындағы жауапкершілік жүгі ауыр. Қалай айтсаңыз да ол – шындық. Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да анасы жауапты. Сондықтан да қыздарға, сіңлілеріме от баспау үшін, өкінбестей өмір сүру үшін кішкене өз болашақтарыңызға, өмірлеріңізге абайлап қадам басыңыздар деп айтқым келеді. Әрине бір адамды толық танып-біліп үлгермейсің, дегенмен де шамалы уақыт жүріп, көз жеткізіп, содан кейін тұрмысқа шықса екен, некелі жарына сүйіп қосылса, сезіммен қосылса екен деймін. Сезім барда сенім пайда болады. Адал таза махаббатпен қосылған екі адам қанша жерден, қандай жағдай болмасын бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады. Олардың ісі үлкен дау-жанжалға ұласпайды, – деді Қарақат Әбілдина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары