$ 494.87  520.65  4.91

«Екеуіміз асханада бірге жүреміз». Жеңіс Ысқақова қандай ене екенін айтты

«Ол да менің балам ғой».

Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасынан скрин
Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасынан скрин

Әнші Жеңіс Ысқақова  "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, қандай ене екенін айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші былтыр жазда ұлын екінші рет үйлендірген болатын. 

Менің сыртқы бейнем ғана мықты. Бірге тұрамыз. Ескертудің өзін екі-үш күн ойланып барып айтамын. Жылатып қоймайын, ренжітіп алмайын деп жұмсақ сөйлеймін. Бала десе, бауыр еті езіліп тұратын адаммын. Екеуіміз асханада бірге жүреміз. Барлық мәселе біз келіннен көп нәрсе күтетінімізде. Ол бала емес пе? Менің келінім өзі ұстаз, өзі студент. Таңертең сағат 7-де үйден шығып, 17:00 шамасында үйге келеді. Үйде болсам, тамақты өзім дайындай саламын. Ол да менің балам ғой, - деді Жеңіс Ысқақова.

Еске сала кетейік, күні кеше Жеңіс Ысқақова жаңа түскен келіні жайлы айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары