$ 494.87  520.65  4.91

Алтынай Жорабаева анасы мен енесіне жантебірентерлік жазба арнады

Қос анамның бір-біріне деген сыйластығы өте жоғары болғандықтан, тіпті бөлек елестете алмаймын.

Фото: @altynaizhorabayeva
Фото: @altynaizhorabayeva

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде анасы мен енесінің фотосын жариялап, туған күндерімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қос анасына жантебірентерлік жазба жариялады.

Қос Анамның туған күні. Екінші Анамның туған күні – 10 қаңтар. Анашымның туған күні –15 қаңтар. 10 қаңтар күні Аминамызды перзентханадан шығарып едік. Әжесі қатты қуанды. Инстаграмға екеуін бөліп-жармай бірге құттықтауды жөн көрдім. Қос анамның бір-біріне деген сыйластығы өте жоғары болғандықтан, тіпті бөлек елестете алмаймын. Туған күндеріңіз құтты болсын! Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Көрінген ұл-қыздарыңыздың, немере, шөберелеріңіздің тек қуанышын, қызығын көріңіздер!, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 83
Ұнамайды 10
Күлкілі 7
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары