$ 522.49  547.88  5.06

Әйелін ұрған Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды

Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту түрінде қаулы шығарған.

Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді.

Еске салсақ, бұған дейін Рахат Тұрлыханов пен әйелінің көпшілікке видео-үндеу жасағанын жазғанбыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары