22.01.2024, 03:30

Ninety one тобының әншісі үйленді

instagram.com/xcialem/

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады. 

Әлем лақап атымен танымал Ninety one тобының мүшесі Вероника Жанғалова есімді арумен заңды некеге тұрды. Сүйінші жаңалықты әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кім ойлаған сонау Өзбекстанның ең шетінен келіп, Қазақстанның солтүстігінен Никаға жолығады деп. Бақытты болыңдар, балаларым. Қуаныштымын!", - деп әнші видеосының сипаттамасына анасының сөзін жазып қойған. 

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, құттықтауларын жолдады.