$ 494.87  520.65  4.91

«Артық болады»: Жазира Байырбекова екінші әйел алу мәселесіне қатысты ойын айтты

Үшінші адам әркез артық болады деп ойлаймын.

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова қоғамда қызу талқыланып жатқан екінші әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұған түбегейлі қарсы екенін ашып айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазира Байырбекова елді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы екінші әйел алу мәселесі мен отбасыдағы қол көтеру жағдайларына қатысты қандай ойда екенін айтты.

Үшінші адам әркез артық болады деп ойлаймын. Құптамаймын. Отбасылық өмірде ер адамдар үй шаруасына көмектесу қажет. Бірақ біздің Жәкең көмектеспейді. Баяғыда жігіттер сыртта жүрген, аң аулаған, соғысқа кеткен. Әйел адамдар үйде бала бағып отырған. Ал қазір әйелдер де, ер адамдар да жұмыс істейді. Сол себепті үй шаруасында көмектескенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өз адамы ғой. Мықты ер адам әйел адамға күшін көрсетпейді, - деді Байырбекова Instagram желісінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары