$ 480.55  533.75  5.36

Шетелде демалыста жүрген Раим ұлымен ерекше видео жариялады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Раим мен ұлының видеосына жылы лебізін арнады.

 

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарып, отбасымен шетелге демалысқа кеткен болатын. Әншінің күйеуі Раим Instagram желісіндегі парақшасында ұлымен бірге түскен видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Аяғын қатты бастырмадым. Белінен ұстап көтердім. Уайымдамаңыздар. Осындай мән бәріңізге жұғысты болсын", - деп жазды Райымбек Бақтыгереев.

Айта кетейік, саяхаттауды жаны сүйетін ерлі-зайыптының таңдауы бұл жолы Мальдив аралдарына түскен. Бұл сапарға Ерке Есмахан күйеуі, екі ұлы мен қайын інісімен бірге барған. 

Желі қолданушылары Раим мен ұлының видеосына жылы лебізін арнады.

"Көз тимесін", "Өсіп қалған ба?", "Аяғын жерге тіреп тұрғызуға болмайды. Әлі ерте", "Үлкен азамат болсын", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары