$ 480.55  533.75  5.36

Балжан Бидаш Қытайға қоныс аударуының себебін айтты

Әнші ұзақ уақыт бойы өнерден үзіліс алған.

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш REVUE NEWS бағдарламасында халық тарапынан жазылатын хейтке қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Әлеуметтік желіде теріс пікір, хат жазатындар болады және бола береді. Сондықтан мән бермеген дұрыс. "Кешью" құрамында жүргенде "Жаңа құрам онша емес" деген хейт басталды", - деді Балжан Бидаш.

Айта кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Қытайға уақытша қоныс аударғанын айтқан болатын. Әнші ұзақ уақыт бойы өнерден үзіліс алғандықтан, шығармашылығына қайта кіріскен.

"Достар, Қытайға келген себебім – студияларын аралап, әндер жазу. Қазақстаннан өзім жалғыз келдім. Осы жақтан аудармашы таптым. Енді ән жазуға кірісемін. Бұйыртса, жаңа ән көп шығады. Шығармашылығымды қолға аламын", – деген болатын Балжан Бидаш. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары