25.01.2024, 12:00

«Оңай тимеді»: әнші Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алмайтын қамал жоқ.

Отандық өнер жұлдызы Роза Әлқожа желіде сырқаттанып қалғанын хабарлады. Белгілі әнші бүгінде арнайы шипажайда ем қабылдап жатқанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін Instagram парақшасында хабарлады. Соңғы кезде кеңінен жайлаған вирус жұлдызды отбасыны да айналып өтпеген. Әнші үйінде үш күн ауырып жатқан. Беті бері қарамаған соң, Роза ханым денсаулығын кәсіби мамандарға сеніп тапсыруды жөн көрген.

Денсаулық пен өмір берсін Алла баршамызға! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Жолымбет ағадан барып үш рет озонотерапия алдым. Содан "қой, өзіме қарамасам болмас" деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік. Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан-жаққа қарай бастадым. Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алмайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да, ем алуға уақыт бөлу керек екен, - деп жазды әнші.