28.01.2024, 12:30

Мирас пен Құралай отбасы болған 23 жыл ішінде мүлде ұрыспағанын айтты

Фото: "Мархабат" бағдарламасынан скрин

Жұлдызды жұп бүгінгі таңда 4 бала тәрбиелеп отыр. 

Шоу-бизнестегі жұлдызды жұптың бірі Мирас пен Құралайдың шаңырақ көтергеніне 23 жыл болған. Өнер иелері "Мархабат" бағдарламасында отау құрғалы ұрысып көрмегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біз ұрыспаймыз. Шынымен ұрыспаймыз. Анам "Үйленгендеріңе 23 жыл болды. Ұрысқандарыңды әлі көрмедім" дейді. Сөзге кеп қалған кезіміз болды. Бірақ ол біреу үшін, ортада жүргендер үшін түсінбеушілік болды. Ал жалпы өзіміз сөзге келіп, ұрысқан кезіміз жоқ. Бірақ оны жетістік, тәрбиенің арқасы деп айта алмаймын. Алланың берген сыйы шығар", - деді Мирас.

Айта кетейік, жұлдызды жұп бүгінгі таңда 4 бала тәрбиелеп отыр.