«Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым».
Әнші, кәсіпкер Мөлдір Әуелбекова шетелге оқуға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ойда жоқта, шет елге оқуға кететін болып шештім. Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым. Оқуға қай елге, қашан кететінімді ертең білетін боласыздар. Әзірше Астанадан Алматыға ұштым, - деп жазды әнші.
Ал кейінірек Әуелбекова қайда оқуға бара жатқанын айтты.
Қанша адам жазып, хабарласып жатыр. "Қанша жылға кетіп бара жатырсың?" деп сұрауда. Жылдап кететін оқу емес. Еліміздегі мамандардың Дубайда өтетін 8 күндік оқуы ғой, - деді Әуелбекова